қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2023

Абай университетінің жас ғалымдары Ташкентте өткен конференцияға қатысты

 

«Солтүстік-Оңтүстік» саясаттану орталығы, Өзбекстан Республикасының Ресеймен ынтымақтастық орталығы және А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі Институтымен серіктестікте Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Достастық кеңістігіндегі мәдениетаралық коммуникациялар: ұрпақтар ауысуы контекстіндегі негізгі үрдістер» конференциясын ұйымдастырдып, өткізді. Іс-шараға Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның көрнекті ғалымдары қатысты. Еліміздің атынан Абай университетінің филологтары Дина Сабирова, Әлібек Байболов, Ақмарал Омарова, Алида Әлімбетова қатысты. Тәжірибеге бағдарлану - конференцияның ерекшелігі болды.

 

Конференция аясында өткен шеберлік сабақтардың тақырыптары тілді оқыту және үйрету саласындағы заманауи талаптарға жауап береді: «Педагогикалық дизайн іс жүзінде: ғылым орыс тілінде тиімді материалдар жасауға қалай көмектеседі», «Студентті қалай сөйлесуге болады: коммуникативті сабақтың сиқыры», «Жасанды интеллектпен достасу: мұғалімге көмектесетін заманауи технологиялар», «ТМД елдеріндегі орыс тілді журналистиканың болашағы мен даму стратегиясы».

 

Бағдарламада орыс тілін үйрету саласында тренингтер, шеберлік сабақтар және іскерлік ойындар қарастырылған. Жас ғалымдар осындай іс-шараларға қатысуда үлкен тәжірибе жинады. Сонымен қатар, шеберлік сабақтарға белсенді қатысу студенттермен дәрістерде білім бөлісуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 

  alt=