қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.11.2023

Елімізде алғаш рет биолог мұғалімдерге электронды атлас шықты

 


 

Абай университетінде электронды атлас шықты


Абай университетінде «Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша болашақ биология мұғалімдері үшін алғаш рет электронды атлас әзірленді. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.

 

Электрондық ресурстың мақсаты - Қазақстандағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде «Омыртқалылар зоологиясы» курсын оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалану.


«Омыртқалылар зоологиясы» бойынша электронды атласты қазақ және орыс тілдерінде Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары К.И. Батырова, М.Б. Жақсыбаев, А.Д. Майматаева, Д.У. Сексенова әзірледі. Бұл интерактивті атлас хордалылардың (омыртқалылардың) сыртқы және ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктерін танып-білуге мүмкіндік беретін инновациялық оқу құралы; ол оқу материалдарын игеруді жеңілдетеді және студенттердің жануарлар әлемі туралы біртұтас дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Оқытуда жаңа технологияларды қолдану көрнекілікті арттырады, материалды қабылдауды жеңілдетеді. Бұл студенттердің ғылыми зерттеулерге деген ынтасын арттыруға және оқу процесінің жалпы тиімділігіне жақсы әсер етеді.

 

21.11.2023 ж.

Ақпарат көзі: newsroom.kz