қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2025

«Тәуелсіздік – ұлт мақтанышы» атты патриоттық тәрбие сағаты өтті

 

 

2025 жылғы 12 желтоқсанда университет ғимаратының №603 аудиториясында Қытай тілі және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ұлт мақтанышы» атты патриоттық тәрбиелік сабақ өтті. Іс-шараға кафедраның аға оқытушылары Раева А.Н., Бейсен А. және 2-курс студенттері қатысты. Сабақтың мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру, ел тарихын құрметтеуге және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу. Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы айтылды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің шығармашылық белсенділігі мен патриоттық сезімін арттырды.

  

 

 




Кері оралу