қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.09.2020

Қазақстанда алғашқы онлайн Нобель фестивалі - Central Asia Nobel Fest Live өтеді

 

2020 жылдың 1-4 қазанында Қазақстандағы алғашқы онлайн Нобель фестивалі - Central Asia Nobel Fest Live өтеді.

 

Әлемнің көрнекті ғалымдары, экономика, химия, физика, медицина бойынша және бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттары өнер көрсететін Central Asia Nobel Fest Livе шарасына мыңдаған студенттер, оқытушылар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ барлық  қызығушылық танытушылар  қатыса алады. Іс-шара барысында ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары мен озық жаңалықтары айтылады. 

 

Жобаның негізгі миссиясы-ғылымды дамыту және ғаламның үздік саналарымен тәжірибе алмасу үшін өңірлік платформа құру.

 

Онлайн-фестивальдің басты тақырыбы - «Шекарасыз ғылым: әлем қайда бара жатыр?». Бекітілген спикерлер қатарына жеті Нобель сыйлығының лауреаты, үш Breakthrough Prize сыйлығының лауреаты және 10-нан астам әлемдік деңгейдегі ғалымдар кіреді. Барлық қатысушыларға негізгі төрт бағыт бойынша: (адами капиталдың болашағы; әлемді өзгертетін технологиялар; медицина мен ғылымдағы жаңа қырлары; инклюзивті экономика және тұрақты даму) 30-дан астам дебат, 10 жеке презентация ұсынылады, спикерлермен сұхбаттасу мүмкіндігі беріледі. Сонымен бірге, фестиваль бір уақытта үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.

 

Қатысу үшін 2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейін https://nobel-fest.inpolicy.net/ веб-сайтына тіркелу керек.

 

Инстаграмдағы соңғы жаңалықтар мен бағдарламалар туралы ақпараттарды жіберіп алмаңыз: https://www.instagram.com/nobel_fest/?hl=ru

 

Байланыс деректері:

Жадыра Алтынбаева, халықаралық жобалардың үйлестірушісі.

Инклюзивті даму қоры

nobelfest@inpolicy.net  

+7 708 762 1339


Бағдарлама