қазақша · русский · english
 
 
 
08.09.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Алихан Қадырғали Азия чемпионатында қола медальға ие болды


2025 жылдың 5-8 қыркүйек күндері Қытайдың Шаогуань қаласында кадеттер, жасөспірімдер және U21 жас санатындағы каратэ (WKF) Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Азияның үздік спортшылары қатысып, өз күштерін сынады.

 

Қазақстан құрамасы жарыс нәтижесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, барлығы 2 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Бұл - еліміздің каратэ спортындағы әлеуетін тағы бір дәлелдеген маңызды жетістік.

 

Азия чемпионатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Алихан Қадырғали -84 кг салмақта өнер көрсетті. Ол сынға белсенді қатысып, күрделі бәсекеде үшінші орынға ие болып, қола жүлдені иеленді.

 

Қадырғали Алиханға және Қазақстан құрамасына үлкен жетістіктер мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

 

 

 

 

 

  alt=  





Кері оралу