05.10.2023
Ұстаздар күніне арналған  «Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі» тәрбиелік іс-шарасы
 2023 жылдың 4 қазанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұстаздар мерекесіне орай тәлімдік-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Кафедра студенттері институттың профессор-оқытушылар құрамын айтулы мерекесімен құттықтап, концерттік қойылымдар көрсетті. Ұстаздық қызметтің қыр-сыры мен ғылым жолындағы ізденістердің маңыздылығы жөніндегі мәселелер де қарастырылды. Институт және кафедра ұстаздары студенттерге ризашылығын білдіріп, авторлық еңбектерінен сыйлықтар ұсынды.
 
  
  
 
  
  
 
 