![]()
14.06.2017
2017 жылдың 7 маусымында QS Quacquarelli Symonds зерттеу орталығы әлемнің 950 ең үздік жоғары оқу орындарының тізімі көрініс тапқан QS әлемдік университеттер рейтингісінің 14 -ші басылымын жариялады. Жаңа рейтинг қазақстандық жоғары оқу орындарының өз жайғасымдарының жалғастырып келе жатқандығын растайды. Отандық жоғары мектептер арасында 236 орынға жайғасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Рейтингіге Е. Гумилев атындығы Еуразия ұлттық университеті (336+ орын), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (411+ орын), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (501+ орын), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (651+ орын), Қазақ-Британ техникалық университеті (651+ орын) және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (801+ орын ) қатысты.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық деңгейде өз тартымдылығын арттыру мақсаты - сапалы білім беру бағдарламаларына және университеттің мемлекет алдында тұрған педагогикалық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени талаптарымен тығыз қарым-қатынастқа негізделген. QS - ең үздік жоғары оқу орындарының жыл сайынғы әлемдік рейтингісінің нышаны. Рейтингтің мақсаты әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының жетістіктерін салыстыру, көп салалы ұйымдарға ЖОО таныту болып табылады. Рейтинг 4 негізгі критерийге негізделген: ғылыми-зерттеу қызметінің деңгейі , оқыту деңгейі, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және интернационалдандыру деңгейі. Рейтингтің әдістемесі алты көрсеткіштен тұрады: академиялық беделі (40%), жұмыс берушілер арасындағы беделі (10%), оқытушыларды білім алушыларға шаққандағы үлесі (20%), дәйексөз көрсеткіші (20%), халықаралық студенттер үлесі (5%) және халықаралық оқытушылар үлесі ( 5%).
Ақпаратты дайындаған: Д.Е. Амирбаева ақпараттық ресурстар бөлімінің веб-аудармашысы |