
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
12.09.2023 Педагогикалық қайта даярлау курс тыңдаушыларына сертификат табысталды 
 
 Педагогикалық қайта даярлау курсының қорытындысы бойынша Аттестаттау комиссиясының шешімімен 42 тыңдаушыға келесі білім беру бағдарламалары бойынша сертификаттар берілді: 1. Математика - 15 адам, 2. Информатика және робототехника - 4 адам, 3. Шет тілі: екі шет тілі - 4 адам, 4. Тарих - 2 адам, 5. АКТ бастауыш білім - 2 адам, 6. Музыкалық білім - 11 адам. 
 Педагогикалық қайта даярлау курсы ағылшын тіліндегі PGCE бағдарламасының қазақстандық аналогы болып табылады. Алты айлық оқу курсын аяқтаған тыңдаушылар еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде мұғалім болып жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 
 
 
 
 
 
 Оқытушылық шеберлік орталығы  |