қазақша · русский · english
 
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы
 
 
30.04.2025

«Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер»


2025 жылғы 29 сәуірде «Болашақ педагогті әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» тақырыбындағы болашақ университет түлектерін кәсіби қолдауға байланысты ұйымдастырылған республикалық әдістемелік десант жұмысы өткізілді.

 

Әдістемелік десант жұмысының мақсаты - ынтымақтастық меморандумы аясында болашақ педагогті әдістемелік қолдауға бағытталған педагогикалық амалдар және озық тәжірибелер бойынша білім алушылардың педагог- әдіскерлермен, шебер-ұстаздармен пікір алмасу алаңын жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау тұрғысынан тәжірибе алмасу.


Әдістемелік десант жұмысының міндеттері:
Пән бойынша мектептердегі оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру тұрғысынан озық тәжірибені көрсету;

Педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша тренерлер мен шебер- педагогтердің білім алушылармен тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

 

Әдістемелік десант жұмысына қатысушылар:
Абай атындағы Қаз ҰПУ, Филология факультеті бітіруші курс білім алушылары,ЖОО әдіскер-ғалымдар, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша КДИ әдіскер-тренерлері, шебер-педагогтер.

 

Әдістемелік десант жұмысын ұйымдастырушы:
Абай атындағы Қаз ҰПУ, Филология факультеті, «Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Оспанов Едилбай Толеубаевич.
Филология ғылымдарының кандидаты Тлеубекова Ботакоз Тұрғамбайқызы.
Абай атындағы Қаз ҰПУ, Филология факультеті, «Шетел тілдері» кафедрасы: Кафедра меңгерушісі, PhD доктор Иватов Серик Кудайбергенович;
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Нурекешова Гульсим Рахметбековна.

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша КДИ «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі, PhD доктор Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы;
Магистр-аға оқытушы, тренер Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу