қазақша · русский · english
 
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы
 
 
12.05.2025

«Жеңістен шабыт, Абайдан рух» рухани тәрбие мен патриоттық сана ұштасқан мазмұнды кеш

 

2025 жылғы 8 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ел рухын көтерген тағылымды іс-шара өтті. Жеңістің 80 жылдығы мен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жеңістен шабыт, Абайдан рух» атты әдеби-әуенді кеш рухани тәрбие мен патриоттық сана ұштасқан мазмұнды кешке айналды.

 

Іс-шараға Филология факультетінің студенттері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары белсене қатысты. Ұлттық рухты жаңғыртып, Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеген бұл кеште Абайдың терең ойлары мен батырлар ерлігі үндесті. Көрермендер қазақ руханияты мен тарихының терең мәнін сезініп, ерекше әсер алды. Мұндай игі бастамалар - жас ұрпаққа үлгі, елдік пен бірліктің жарқын көрінісі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу