қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.07.2023

Философия докторы PhD дипломдары табысталды

 

2023 жылдың 11 шілдесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Диссертациялық кеңестерде диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғаған докторанттарға философия докторы PhD дипломдары салтанатты түрде табыс етілді. Салтанатты шараға университет басшылығы, Диссертациялық кеңес төрайымдары, кафедра меңгерушілері мен ғылыми кеңесшілері қатысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов өзінің құттықтау сөзінде докторантураны табысты аяқтаған жас ғалымдарға сәттілік тілеп, болашақта Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосатындығына сенім білдірді.

 

Бүгінде, Абай университетінде докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 16 Диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Диссертациялық кеңестерде университетіміздің, басқа жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың (ҒЗИ) жетекші ғалымдары тұрақты мүше болып енген, сондай-ақ ғылымиметрикалық көрсеткіштері жоғары шетелдік ғалымдар уақытша мүшесі болып табылады.

 

2022-2023 оқу жылында Диссертациялық кеңестерден жалпы саны 58 докторант қорғап, философия докторы PhD дәрежесін алды. Оның ішінде 13 докторант басқа ЖОО келіп қорғағандығын атап өтуге болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=