қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2023

Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орнының құрылғанына 95 жыл толды

 



Абай университеті - Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл толып отыр.

 

Осы кезеңге дейін университетте әйгілі ғалымдардың бірнеше толқыны еңбек етті. Олардың ішінде Мұхтар Әуезов, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Ілияс Кабулов, Темірбек Жүргенов сияқты ғалымдардың елімізде педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі орасан зор.

 

Қазақстанның көптеген көрнекті ғылым, мәдениет және әдебиет қайраткерлері С. Аманжолов, Х.Бекхожин, Х. Жұмалиев, О. Жәутіков, М. Қаратаев, А. Ысқақов, А. Қалыбаева, С. Кирабаев, Г. Омарбекова, Ж. Саин, Ш. Сәтпаева, Р. Сыздықова, А. Тәжібаев, Г.Қайырбеков, Г. Сәдуақасова Абай атындағы ҚазҰПУ түлектері болғанын бүгінгі буын өкілдері мақтан етеді.

 

Біз өзіміздің алдыңғы буын өкілдерінің қалдырған мұраларына дақ түсірмей, олардың «Ғылымға қызмет етеміз» деген ұранын сақтап келеміз. Бүгінгі профессор-оқытушылар құрамы олардың жолын лайықты жалғастырып келеді.

 

Университетте ҚР ҰҒА алты академигі М. Қойгельдиев, А. Абылкасымова, А. Бейсенова, Б. Сманов, Г. Уалиев, Ш. Құрманбайұлы, және ҚР ҰҒА бес корреспондент-мүшесі А. Құлсариева, В. Косов, Ғ. Кенжебаев, Ф. Оразбаева және Р. Абасаттаров жұмыс істейді, ал төрт профессор ҚР ЖОО ПОҚ бас рейтингінің Топ-50 ғалымдарының қатарына Косов В. Н., Бурибаев Е. А., Хамзина Ж. А., Ахметов Б. С. кірді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ соғыс уақытынан тәуелсіздікке дейінгі даму кезеңінде өркендеудің бірнеше сатысын басынан өткізіп, ілгері жылжуды бір сәтке де тоқтатқан емес. Бүгінгі күні, жыл сайын әлемдегі ең үздік университеттер арасында Әлемдік және ұлттық рейтингтерде өз позициясын жақсартып келеді. QS World University Rankings-2022 әлемдік рейтингінің қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ 551-560 позицияны иеленеді.

 

22 наурыз 2023 күні жыл сайынғы QS World University Rankings by Subject пәндік рейтингі жарияланды. Бұл рейтингке 161 елден 1594 ЖОО қатысты. QS WUR by Subject 2023 қорытындысы бойынша Abai University екі санат бойынша үш мамандық бойынша өз позициясын тағы да жаңалады. «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» санатында университет өз беделін жаһандық рейтингте 297-ден 278-ге дейін көтеріп, рейтингке қатысқан отандық жоғары оқу орындары арасында 3-орынға ие болды. Осы санаттың кейбір салалары бойынша осы нәтижелерді атап өткен жөн: «Ағылшын тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша университет жаһандық рейтингте 95-ші орын алып, топ-100-ге, «Білім және оқыту» мамандығы бойынша «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» санатында университет жаһандық рейтингте 76-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бірінші орынға сәйкес келеді. QS WUR by Subject 2023 университет жетістіктерінің динамикасы оны жоғары білімнің жаһандық академиялық кеңістігіне табысты интеграциялаудың, бәсекеге қабілеттіліктің және педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы ұлттық брендтің танымалдылығын арттырудың көрсеткіші болып табылады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ - дың ерекше мақтаныш етер тұсы ғылымға басымдық беруі.

 

Соңғы жылдары ғылыми әлеуеттің белсенді өсуі байқалады. Абай атындағы ҚазҰПУ-да республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру соңғы екі жылда үш есеге жуық өсіп, 1 миллиард теңгеге жетті. Олармен қатар Erasmus+, DAAD, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк, Research Foundation (DFG) сияқты ықпалды қорлардан қаржыландырылатын Халықаралық жобалар да жұмыс істейді.

 

Шындығын да, кімнің қандай ғылым саласына қабілеті мен бейімі мол болса, сол адам қоғамға нақты әрі маңызды пайда әкеледі. Бұл университеттің жас ғалымдарының жетістігінен айқын көрінеді. 2022 жылы жас зерттеушілердің 43% - ы ғылыми жобаларға қатысты, бұл жас ғалымдардың 244 -нің 105-і жобалық қызметке екенін көруге болады.

 

Университет үшін ғалымдарды қолдау басымдыққа ие. Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғылыми әлеуетті арттыру және қолдау үшін алғашқылардың бірі болып постдокторлық бағдарламаның стипендиаты және зерттеуші-профессор лауазымдары енгізілді, олар бүгінде өз тиімділігін көрсетті. Мақсатты - бағдарламалық қаржыландыру мен мемлекеттік бағдарламамен қаржыландырылатын барлық жобалардың 60%-ы постдокторанттар мен зерттеуші профессорлар қатарынан қатысу мен басшылық етуден тұрады. Тек биылғы жылы университет ПОҚ-ның жоғарғы рейтингілі халықаралық рецензияланатын журналдардың 380 мақаласындағы барлық жарияланымдардың 20%-ы постдокторанттар мен зерттеуші профессорлардың еңбегі екенін айту парыз.

 

ЖОО жоғары, білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру мақсатында өз гранттарын бөледі.

 

Биыл өз қаражатынан 60 миллион сомасында 25 жоба қаржыландырылды: оның ішінде жас ғалымдарға 15 жоба, университет профессорларына - 10 жоба бөлінді.

 

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының контингенті де айтарлықтай өсті. 2022 жылы 16 оқытушы ғылыми тағылымдамалар байқауының жеңімпаздары атанды, атап өтетін болсақ, постдокторанттар Сабирова Д., Сейлхан А., Педагогика және психология институтының оқытушылары- Бекбенбетова К., Қасымбек А., Сайфулмаликова С., Еранқызы А., Абсатова М., Құрманбек В., Өмірбекова А., Жалалова А., Жаратылыстану және география институтының оқытушылары - Ақылбекова Т., Қасымбекова Д., Сыман К., Өнер, мәдениет және спорт институтынан- Шорабек А., Тарих және құқық институтынан -Қасымбек А., Сорбонна-Қазақстаннан институтынан - Жұмаш Қ., болды.

 

Бүгін ҚазҰПУ өз өмірінің жаңа бетін ашады. Ол өткенді мақтан тұтады, бүгінмен өмір сүреді және болашаққа жоспар құрады...

 

Мерейтой бұл университет үшін әрдайым маңызды кезең, ол әрі қарай даму траекториясын анықтайды. Әрине, негізгі бағыт - ғылым болып қала береді.

 

Авторы: Ермек Бөрібаев,

ҚазҰПУ басқарма мүшесі-зерттеу ісі жөніндегі проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор

25.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz