АҚШ жоғары оқу орындарының бірімен халықаралық жобаны жүзеге асыру туралы вебинар өтеді
2020 жылы 1 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Калифорния штаты Сакраменто Университетімен бірлескен «Университеттің іс-әрекеттік деректері мен ұйымдастырушылық мәдениетке негізделген оқытушыларды дайындау» халықаралық жобаны іске асыру бойынша вебинар өтеді. Жоба U.S.-Kazakhstan University Partnerships Grants Program қолдауымен іске асуда. Вебинар ЖОО-ның ТОП менеджерлеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне арналады.
Модератор - Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің бастығы Баян Сапаргалиева.
Арнайы қонақ - U.S.-Kazakhstan University Partnerships Grants Program жоба координаторы, профессор, Сакраменто білім беру колледжінің деканы Сидоркин Александр.
![](https://kaznpu.kz/docs/obyavl/0330.06.2020.1.jpg)