
  
Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
10.04.2023 Абай университетінде «ROBO TIME-2023» республикалық сайысы өтті 
 
 
 Абай университетінде еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «ROBO TIME-2023» республикалық сайыс өтті деп хабарлады turkystan.kz. 
 Іс-шараны Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы, Stem-Park зертханасы және «Abai Robo» робототехника клубы ұйымдастырған. 
 
 
 Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Абай университеті, 2-ші орынды ОҚМПУ мен Жұбанов университеті командалары, 3-ші орынды Әуезов университеті мен Қыздар университетінің командалары иеленді. 
 «ROBO TIME-2023» республикалық сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
 10.4.2023 ж. Ақпарат көзі: turkystan.kz 
  |