
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
05.04.2023 Абай университеті командасы ҚР Студенттік спорт лигасының финалына өтті 
 2023 жылғы 3 сәуірде Қазтестте қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасы Студенттер спорттық лигасының аймақтық жарысы өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ құрама командасы 3-ші орынға ие болып, сәуір айының ортасында Түркістанда өтетін Студенттер спорттық лигасының финалына жолдама алды. 
 Құрама команданың жаттықтырушысы - Өнер, мәдениет және спорт институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы А. В. Сүлейменов. 
 Командаға алдағы уақытта да жеңістер тілейміз! 
 
  |