|  |  |  |   Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бағытының негізгі міндеттері:- университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуына мониторинг жүргізу, ҒЗЖ-ның барлық бағыттары бойынша есептік құжаттарды толтыру;
 - ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу;
 - жоғары оқу мекемелерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу;
 - ғылыми зерттеу мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу;
 - сапа менеджменті жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары үдерісіне мониторинг жүргізу.
 
 Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бағытының қызметі:- ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына мониторинг, жобалар мен зерттеулердің орындалуына талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесіне жалпылау жүргізу;
 - ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер талабын ескере отырып, университетте ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің жүзеге асырылуы бойынша нұсқаулық дайындау;
 - мемлекеттік, салалық және республикалық стандарттар, нормалар мен тәртіптер және басқа нормативтік құжаттардың қолданыстағы нұсқаулығы негізінде ҒЗЖ-ның құжаттарына нормабақылауды жүзеге асыру;
 - ҒЗЖ тақырыптары бойынша ғылыми есептерді толтыруға әдістемелік жәрдем жасау;
 - нормативтік құжаттарды пайдалану бойынша кеңес беру және оны ұйымдастыру;
 - есеп беру үшін материалдар дайындау;
 - ғылыми жетістіктер көрмесі үшін материалдар дайындау;
 - жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибелерін зерделеу;
 - ғылым мен жоғары білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу;
 - ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер, шетелдік ЖОО-лар ұйымдастыратын отырыстар мен жиындарға қатысу;
 - консалтингтік қызмет көрсету.
     |