қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2020

РhD дәрежесін алу үшін А.Т. Қасымбекованың диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «6D021300 - Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қасымбекова Анар Талғарбековнаның «Ертегілердегі ғаламның концептуалдық бейнесі (қазақ және ағылшын тілдері негізінде)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.


Диссертация Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.


Қорғау тілі - қазақша.


Ғылыми кеңесшілер:
Есенова Қалбике Өмірбайқызы - филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Мұстафа Ұғырлы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Сытқы Кочман университеті, Мұғла қ., Түркия.


Рецензенттер:
Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы - филология ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «қазақ және орыс тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Жанабекова Айман Әбділдақызы - филология ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.


Қорғау 2020 жылдың 25 желтоқсанында сағат 15:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «6D021300 - Лингвистика» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 3-қабат, 320 каб. Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz 


Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық




Кері оралу