қазақша · русский · english
   
Конференциялар

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес, Құқық және экономика институтының ұйымдастыруымен 2013 жылдың сәуір айының 30 жұлдызында «Білім және құқық шығармашылық процесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға қонақ ретінде  академик, з.ғ.д., профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Ағдарбеков Төкіжан Ағдарбекұлы  - ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор  (С.Демирель атындағы университет), Ақайұлы Ыспандияр - фил.ғ.д., профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ,  Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы, Сыздық Болат Кенелұлы - з.ғ.к., доцент Қарағанды «Болашақ» университетінің профессоры, Қалымбет Бақыт Әбиірұлы - Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім бастығы, Нуралиев Ерлан Мырзаханович - Алматы қалалық Сотының судьясы, Заманбекова Гулнур Миркаримовна - Алматы қалалық ІІД, Тіл білімі бөлімінің жетекшісі, Жұмағұлов Бекзат Әділұлы - Алматы қалалық Алматы қаласы Жол полициясы басқармасы Кадр жұмыстары жөніндегі бастығының міндетін атқарушы қатысып, пленарлық мәжілісте конференция тақырыбына орай  келесідей баяндамалар жасады:

Академик Сартаев Сұлтан Сартайұлы - з.ғ.д., профессор

Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл - біздің өміріміздің сарқылмас арнасы»

Ағдарбеков Төкіжан Ағдарбекұлы  - ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор,  С.Демирель атындағы университет

Тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми-теориялық ой-пікірлер»

         Нуралиев Ерлан Мырзаханович - Алматы қалалық Сотының судьясы

Тақырыбы: «Сот өндірісінде мемлекеттік тілдің қолданылуы»

Ақайұлы Ыспандияр - фил.ғ.д., профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ,  Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы

Тақырыбы: «Құқық  саласы  атаулары - алиби,  улика  сөздерінің қазақшасы»

Қалымбет Бақыт Әбиірұлы - Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы

Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері»

Сыздық Болат Кенелұлы -  з.ғ.к., доцент, Қарағанды «Болашақ» университетінің профессоры

Тақырыбы: «Құқық пен поэзия һәм әдебиет байланыстары аясында құқықтық мазмұнды игеру»

Конференция материалдары жинақ ретінде баспадан шығарылып, конференция барысында авторларға ұсынылды.

         Конференцияда ғалымдар мен  сала мамандары тарапынан айтылған  құнды ойлар мен ортақ пікірлер «Заң»  газетінің  2013жылдың 7  мамырдағы №66(2267)  санында жарияланды.