қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ-де арнайы педагогтерді кәсіби даярлау мәселелері бойынша әдістемелік көпір өтті


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Арнайы педагогтерді кәсіби даярлау мәселелері бойынша ҚР педагогикалық ЖОО-мен коллаборация» тақырыбындағы әдістемелік көпір өткізілді.


Аталған іс-шара арнайы және инклюзивті білім беру саласында кадр даярлау сапасын арттыру, педагогикалық жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.


Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, педагогикалық бағыттағы ЖОО-ныңың профессор-оқытушылар құрамы, арнайы және инклюзивті білім беру саласының сарапшылары мен практиктері қатысты.


Іс-шара модераторлары: Ақбота Аутаева - «Арнайы педагогика» бағытындағы жоба жетекшісі, Зейнеп Бекбаева - Абай атындағы ҚазҰПУ Арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к.


Мәжіліс бағдарламасында келесі тақырыптар қамтылды:
«Мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді қолдау бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО консорциумының қызметі туралы» -Галия Абаева, п.ғ.к., ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің деканы;


«Инклюзивті білім беруді дамыту тенденциялары» Зулфия Мовкебаева, п.ғ.д., ҚазҰПУ, «Арнайы педагогика» кафедрасының профессоры;


«Университеттер арасындағы ынтымақтастық мәселесі туралы, ҚазҰҚызПУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасындағы өзара әрекеттестік мысалында» - Гүлжан Оразаева, п.ғ.к., ҚазҰҚызПУ, Педагогика және психология институтының директоры,
«Ынтымақтастық аспектісінде болашақ педагогтардың инклюзивті құзыреттіліктерін дамыту» - Айгүл Байтурсынова, п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ;


««Senim Qogamy» қоғамдық қорының мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда авторлық курстарды жүзеге асыруы туралы» - Юлия Смышляева, «Senim Qogamy» қоғамдық қорының директоры;


«Талдықорған қаласының «№1 балабақша-мектеп-интернат» облыстық арнайы кешені мен Абай атындағы ҚазҰПУ «Арнайы педагогика» кафедрасының арнайы педагогтерді даярлаудағы ресурстарын біріктіру: тәжірибе мен келешегі» - Жанар Көкумбаева, Жетісу облысы Талдықорған қаласының №1 «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің арнайы педагогі;


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тифлопедагогтерін даярлаудағы дуальды оқытудың элементтері» - Айжан Раимжанова, №4 көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.


Іс-шара аясында арнайы педагогтерді кәсіби даярлауда тиімді модельдер, бірлескен жобалар мен ғылыми әдістемелік тәжірибелер ұсынылды. Қатысушылар педагогикалық жоғары оқу орындарының үйлесімді ынтымақтастығы, оқу үдерісіндегі инклюзивті тәсілдер және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету тетіктері мен дуальды білім беру элементтерінің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

 

  alt=  


  alt=  





Кері оралу