қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2023

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» республикалық дөңгелек үстелі

 

2023 жылдың 24 қарашасында Педагогика және психология институты арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тақырыбында онлайн және оффлайн форматтағы республикалық дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шара қонақтары: Қ.Қиықбай - Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей қорығының аға ғылыми қызметкері, Шәкәрім университеті қазақ филиологиясы факультетінің оқытушысы, жазушы, әдебиеттанушы (онлайн, Семей қаласы); А.Б.Базенов - А.Бөкейхан Университеті тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, тарихшы (онлайн, Семей қаласы); Ж.А.Шойынбет - «Хәкім Абай» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі; Б.Ж.Шарахымбай - «Abai university» газетінің бас редакторы.

 

Кездесуге Алматы, Семей, Қызылорда, Тараз қалаларынан докторанттар мен студенттер қатысты. Кеш қонақтары тарихи-танымдық ақпараттармен бөлісіп, білім алушылар Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқып, Абай шығармаларының жастардың тұлғалық қалыптасуындағы рөлі жайлы талқылады.

 

Іс-шара соңында педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева мен арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі А.Н.Аутаева қорытынды сөз алып, рухани-танымдық іс-шара үшін қатысушыларға алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу