қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2023

«Аутизм: теориялық түсінуден практикалық еңсеруге дейін» халықаралық дөңгелек үстелі

 

2023 жылғы 5 сәуірде Абай университеті Педагогика және психология институтында арнайы педагогика кафедрасы Ғылым онкүндігі-2023 аясында «Аутизм: теориялық түсінуден практикалық еңсеруге дейін» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты - заманауи білім беру кеңістігінде аутизм мәселелерін талқылау, Қазақстан Республикасындағы аутистік спектрі бұзылған балалармен жұмыс тәжірибесімен алмасу болды.

 

Іс-шара барысында аутистік спектрі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жолдары, Қазақстанның білім беру жүйесінде аутист балаларға көмек көрсету, «Аутистік спектры бұзылған балаларға қолдау көрсету жүйесін құру» жобасы бойынша мамандар даярлау, 6-8 жастағы аутистік спектры бұзылған балалардың тұрмыстық лексикасын дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланып, баяндамалар тыңдалды.

 

Жарыссөзге жоғары оқу орындарының (Букетов атындағы ҚарМУ, Ақтөбе аймақтық Педагогикалық университетінің оқытушылары мен білім алушылары) және Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, «Аутистік спекторы бұзылған балаларға қолдау көрсету жүйесін құру» жобасының координаторлары, «Росток» АВА орталығының мамандары, «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді оңалту орталығы» жеке қорының директоры, Өскемен қаласы №15 орта мектебінің педагог-психологы және т.б. жалпы және арнайы білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.

 

Дөңгелек үстел соңында маңызды ұсыныстар қабылданды. Ұйымдастырушылар - Педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева және арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі А.Н.Аутаева.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу