
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
22.10.2022 «Менің арманымдағы - Қазақстан» тақырыбындағы эссе конкурсының жеңімпаздары марапатталды 
 2022 жылдың 22 қазаны күні Абай университетінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шарада «Менің арманымдағы - Қазақстан» тақырыбындағы эссе конкурсының жеңімпаздары арнайы диплом-сертификаттармен марапатталды. 
 
 Жеңімпаздар тізімі: 
 Қазақ тілінде жазылған эсселер бойынша 
 1 - орын - Әбдіманап Дана Қанатқызы - Филология институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті; 
 2 - орын - Тлебалды Айгерім Ерланқызы - Педагогика және психология институты «Арнайы педагогика: логопедия» мамандығының 1 курс студенті; 
 3 - орын - Жамбылов Әділхан Нұрланұлы - Математика, физика және информатика институты «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 4 курс студенті. 
 Орыс тілінде жазылған эсселер бойынша 
 1 - орын - Ибрагимова Алина Дамировна - Педагогика және психология институты «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті; 
 2 - орын - Кусманов Бекболат Серикжанулы - Филология институты «Екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті; 
 3 - орын - Сыропятова Диана Сергеевна - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті. 
 Ағылшын тілінде жазылған эсселер бойынша 
 1 - орын - Жорабекова Самал Абубәкірқызы - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті; 
 2 - орын - Айдарова Тоғжан Айдынқызы - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті; 
 3 - орын - Төрекелді Айхан Сұңқарқызы - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті. 
 
 
 
 
 
  |