қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.09.2022

«Әділ мемлекет» семинар-конференциясы


2022 жылғы 16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтында «Әділетті мемлекет» тақырыбында семинар-конференция өтті. Ашық дәріс форматында өткен іс-шараға МФжИ институтының 300-ден астам магистранттары мен студенттері қатысты.

 

Іс-шараның спикері Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің директоры Дидарбек Ділдабек болды, ол Жолдаудың студенттерді өзін-өзі дамыту жолына, өз халқына адалдық пен әділеттілікке бағыттауға ықпал ететін ең маңызды тұстарын атап өтті.

 

Іс-шара барысында институт директоры Бахыт Сыдыхов және директордың тәрбие-іс жөніндегі орынбасары Жасұлан Мухашев түсіндіру жұмыстарына белсене қатысып, студенттердің ашық сұрақтарына жауап берді. Студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, Бахыт Сыдыхов пен Жасұлан Мухашев студенттерді университет қабырғасынан бастап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асыру және қолдау үшін өздерінен ең болмағанда 1 кірпіш қалауға шақырды.

 

Студенттердің кері байланысы жоғары деңгейде болды. Студенттер Мемлекет басшысының өскелең ұрпақтың пайдасына жасалатын іс-әрекеттерге қатысты бастамасын қолдады. Қазақстанның болашағы жастардың қолында!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=