
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
13.11.2025
11 қараша 2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әлем тілдері факультетіне ресми сапармен Оңтүстік Корея Республикасының делегациясы келді. Делегация құрамында Сеул қаласының Чуннан муниципалдық округі кеңесінің (Seoul Jungnang District Council) депутаттары, сондай-ақ Корея Республикасының білім беру және мемлекеттік басқару салаларының өкілдері болды. Қонақтарды Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова Г.Х., Практикалық ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Төлегенова М.Б., Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Иватов С.К. және Әлем тілдері факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары м.а. Жұмағұлов М.Е. қарсы алды. Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы серіктестік, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, бірлескен ғылыми жобалар мен мәдени-ағартушылық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Корей тілі оқытушысы Құлтасов М.Е. университеттің халықаралық қызметі мен оқу бағдарламалары туралы мазмұнды презентация ұсынды. Әлем тілдері факультетінде қазіргі таңда корей тілін 300-ден астам студент оқып жүр, олардың ішінде корей тілін кәсіби деңгейде оқытуды мақсат еткен болашақ мамандар бар. Делегация мүшелері университеттің инфрақұрылымымен, оқу кабинеттерімен, мультимедиялық ресурстарымен танысып, корей тілі мен аударма мамандарын даярлауға арналған мүмкіндіктерге жоғары баға берді. Кездесу барысында корейлік тарап Қазақстанның корей тілі мамандарын даярлаудағы өңірлік жетекші орталық болу әлеуетін ерекше атап өтіп, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін танытты.
Сапар университет кампусы бойынша таныстыру экскурсиясымен жалғасып, делегация мен факультет өкілдері арасында естелік сыйлықтар алмасумен аяқталды. Әлем тілдері факультеті мен Оңтүстік Корея Республикасының делегациясы арасындағы бұл кездесу екі ел арасындағы білім және мәдениет салаларындағы байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады деген ойдамыз. Әлем тілдері факультеті Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|