Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
01.10.2025
Монтана штатының жас ғалымы академиялық алмасу аясында дәріс өткізуде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне Академиялық алмасу бағдарламасы аясында Монтана штатының жас ғалымы Эрнесто Галлего аударма ісі мамандығының студенттеріне арнайы дәрістер өткізді. Жас ғалым АҚШ-тағы аударма теориясы мен тәжірибесі туралы тың ақпараттармен бөлісіп, аударма жасаудың жаңаша тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, ресми-іскери аударма, ауызша аударманың практикалық курсы және салалық аударманың ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы аударма ісінің салалық бағыттарына кеңірек тоқталды. Студенттерге практикалық дағдыларды меңгеру үшін тапсырмалар беріп, әдістерін көрсетті.
Бұл бастама студенттердің шет тілдерін меңгеруін, аударма ісіндегі кәсіби бағдарын және халықаралық тәжірибесін арттыруға үлес қосады. Академиялық алмасу бағдарламасы аясында Эрнесто Галлего шетелдік тәжірибелерден университет студенттерінің қапы қалмай, заманауи әдістемелерді игеруіне мүмкіндік берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|