қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
11.10.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары мен студенттерінің Aкадемиялық адалдық кодексі

 

2019 жылдың 10 қазанында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының «6В02202 - Тарих-география», «6В01602 - Тарих-Дінтану», «6В02202 - Тарих», «6В03106 - Аймақтану» мамандықтары бойынша қазақ және орыс топтарының эдвайзерлері Әбдіхалық Теміржан пен Кенжебекова Арай 1 курс студенттердің қатысуымен Aкадемиялық адалдық кодексін талқылады.


Эдвайзерлер Абай атындағы ҚазҰПУ-да академиялық адалдықтың ережелерін сақтау жөнінде, сондай-ақ академиялық адалдықты бұзушылық жағдайындағы шаралар туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер тек ережелер мен өз құқықтарын белсенді талқылап қана қоймай, сонымен қатар міндеттерін, оқуға деген жауапкершіліктерін талқылады.

 

   




Кері оралу