қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
25.04.2023

Елдегі діни ахуал

 

2023 жылғы 24 сәуірде Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасында жастардың арасындағы діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Елдегі діни ахуал» тақырыбында онлайн дөгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелге спикер ретінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дінтану сараптамасы департаментінің бас сарапшысы Ж.Қ.Дүйсебаев болды. Спикер елдегі діни ахуалдың нәтижесімен шұғылданудан гөрі, дінтанушылардың ел тыныштығына қауіп төндіруі мүмкін болған бүліктерді алдын-ала болжап, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы үшін сергектікпен кірісуді айтты. Осындай болжамды мәселелерде диссертация тақырыптарын алуды ұсынды.

 

Дөңгелек үстелге 1-4 курс «6В01602-Тарих-Дінтану», 1 курс «7B01602-Тарих-Дінтану» мамандығының студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде арнайы спикердің баяндамасына сұрақтар қойылды. Аталған іс-шара нәтижелі аяқталды.

 

  alt=  




Кері оралу