қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
26.02.2020

Абайдың қара сөздеріндегі ғылыми нұсқауларды талдау


Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Мамырбаев Дидар 2020 жылдың 25 ақпанында №5 жатақханада «5B020300 - Тарих» мамандығының студенттерімен тәрбиелік кездесу өткізді. Кездесу барысында ұлы қазақ ақыны мен философтың отыз екінші қара сөзі талқыланды.


Абайдың отыз екінші сөзінде оқу және ғылыммен айналысқысы келетіндерге арналған алты ғылыми талаптар бар. Ондағы ғибратты сілтемелер ғылым үйренуге ниет еткен студенттердің ғылым әлеміне аяқ басуына себебін тигізетін рухты сөздер бар. Студенттермен әңгіме барысында этика, ғылым әлемі жолындағы мейірімділік пен ұстамдылық сияқты жалпыадамзаттық қасиеттер жан-жақты талқыланды.

 

   

 

   




Кері оралу