қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2025

Педагогика және Психология факультетінде Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ғылыми-зерттеу жоспарына сәйкес шақырылған маманмен интерактивті қонақ дәрісі өткізілді

 

28 қараша күні сағат 12.00-де Педагогика және психология факультетінде, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ҒЗЖ жоспарына сәйкес, факультетіміздің 2001 жылғы түлегі, интегративті психотерапия, ұйымдық психология және әлеуметтік жобалар саласында тәжірибелі психолог, психология ғылымдарының магистры Лариса Сергеевна Сидорованың қонақ ретінде қатысуымен интерактивті дәріс өтті. Кездесуге психология мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты.

Іс-шара барысында қазіргі Қазақстанда психологтың кәсіби құзыреттерін нақты қолдану мәселелері талқыланды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге тәлімгер болуды қалаған адамдармен жұмыс жасаудағы психолог қызметінің негізгі бағыттары, яғни диагностика, тренингтер, бақылау, алдын алу жұмыстары және басқа да негіздері қарастырылды. Студенттер бұл қызметке қатысты нақты тәжірибесіне байланысты сұрақтар қойып, кездесудің нәтижесінде аталған іс-әрекет туралы шынайы әрі жеткілікті білім алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу