
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
24.11.2025
EdUHK профессоры Sin Kuen-Fung Kenneth Абай атындағы ҚазҰПУ-да инклюзивті білім мен психология бағытында шеберлік дәрістері мен ғылыми кездесулер өткізді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында Қытайдың The Education University of Hong Kong (EdUHK) жетекші университетінен танымал ғалымдар шақырылды.
Шақырылған алдыңғы қатарлы мамандардың бірі - Prof. Sin Kuen-fung (Kenneth), The Education University of Hong Kong (EdUHK) профессоры, Арнайы қажеттіліктер және инклюзивті білім беру институтының атқарушы директоры. Профессор Sin-нің ғылыми зерттеулері инклюзивті білім беру, арнайы педагогика, аутизм спектрі бұзылыстары, оқу қиындықтары және көмекші технологиялар салаларын қамтиды. Ол Гонконг пен Азиядағы инклюзивті білім беру бағытындағы ауқымды кәсіби дамыту жобаларының бас ғылыми жетекшісі және білім саласындағы инновациялық үлесі үшін «President’s Award for Outstanding Performance» марапатына ие болған.
2025 жылғы 18 қараша күні профессор Sin Kuen-Fung Kenneth университеттің Педагогика және психология факультетінің, 1 курс "8D03105 - Психология» және 2 курс "8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология» бағдарламаларының докторанттарымен кездесті. Кездесу барысында ол арнайы білім беру орталықтарына педагогтерді даярлау бағытындағы кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен, психология саласында жүргізген ғылыми-зерттеулерімен, сондай-ақ жарияланған мақалалары мен жобаларының нәтижелерімен бөлісті. Профессор Sin әлемнің әртүрлі жетекші жоғары оқу орындарында жұмыс істеген тәжірибесі туралы айтып өтті: - SDU University (Қазақстан) - Инклюзивті білім беру бойынша кеңесші; - University Brunei Darussalam (Brunei) - қонақ профессор; - Department of Special Education (United Arab Emirates) - қонақ профессор; - Hainan Special Education Lifelong Service Center (Hainan Normal University, China) - ғылым жетекші. Осы кездесуде факультет докторанттары ғалымның зерттеу бағыттарына зор қызығушылық білдіріп, бірлескен ғылыми жобалар мен мақалалар дайындауға ниетті екендіктерін жеткізді. Өз кезегінде профессор Sin Kuen-Fung Kenneth университет докторанттарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге дайын екенін атап өтті.
Университеттегі іссапары барысында профессор жоспарланған оқу іс-шараларына қатысып, келесі білім бағдарламалары бойынша дәріс оқуда:
«7М03118-Денсаулық психологиясы психотерапия негіздерімен», «7М03122-Клиникалық психология психотерапия негіздерімен» 1 курс магистранттарына - «Балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуының бұзылыстары», «6В03111-Практик психологтарды даярлау» 4 курс студенттеріне «Психологиялық кеңес берудің этикасы мен технологиялары» пәндерінен сабақ жүргізуде.
Профессор Sin кафедраның ғылыми әлеуетімен, магистранттар мен докторанттардың зерттеу тақырыптары және жүзеге асып жатқан жобаларымен де жақын танысты. Профессор Sin Kuen-Fung Kenneth-тің Абай атындағы ҚазҰПУ-ға сапары университеттің халықаралық ғылыми ынтымақтастығын кеңейтудің маңызды қадамы болды. Кездесу барысында инклюзивті білім беру, арнайы педагогтерді даярлау, балалардың психикалық дамуын зерттеу және заманауи педагогикалық технологияларды енгізу бағыттарында құнды тәжірибе алмасу жүзеге асты.
Ғалымның дәрістері мен кәсіби пікірталастары магистранттар мен докторанттар үшін жаңа ғылыми идеялар мен зерттеу мүмкіндіктерін ашып, болашақтағы бірлескен жобаларға бағыт берді. Профессор Sin-нің ғылыми жетекшілікке және коллаборативті зерттеулерге дайын екенін білдіруі - факультет үшін үлкен серпіліс және халықаралық ғылыми мектептермен байланыс орнатудың маңызды мүмкіндігі.
Бұл сапар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың психология және педагогика ғылымдарын дамытудағы жаһандық интеграцияны нығайтуға бағытталған стратегиялық бастамаларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|