қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2025

№142 Жалпы білім беретін мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы

21.11.2025 Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының кәсіби бағдар берушісі Тусубекова Кунслу Кадыркуловна мен №142 жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шашауова Баян Дилдановна 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға университеттің білім беру бағыттары, оқу мүмкіндіктері, ғылыми-зерттеу жұмыстары және түлектердің кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына және университеттің заманауи білім беру мүмкіндіктерімен танысуына бағытталған. Оқушылар әңгімеге белсене қатысып, қабылдау талаптары, оқу үдерісі және болашақ кәсіби траекториялар туралы сұрақтар қойды.

Іс-шара диалог форматында өтті, бұл оқушыларға ең маңызды сұрақтарына жауап алуға және болашақ мамандығын таңдауда нақтырақ бағыт алуға мүмкіндік берді.

 


  alt=  


  alt=  




Кері оралу