қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2025

Академик Оразбекова Күләш Айтмолдақызының 85 жылдық мерей тойына арналған «ҚАЗІРГІ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.


Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және психология факультетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы 2025 жылғы 22 қазанда академик Оразбекова Күләш Айтмолдақызының 85 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі психологияның өзекті мәселелері: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып, өткізді.


Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізілді:
1. Қазақстандағы психология ғылымының даму тарихы;
2. Практикалық психологияның өзекті мәселелері;
3. Психологиялық кадрларды даярлау мәселелері.

 

Конференцияға қатысушылар мен мерейтой иесін құттықтау сөздерімен келесі тұлғалар сөз сөйледі:
- Тлеп Б.А. - Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті директорлар кеңесінің төрағасы, ректор, саяси ғылымдар кандидаты;
- Нарбекова Б.М. - Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Ишпекбаев Ж.Е. - Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің аппарат басшысы, саяси ғылымдар кандидаты, профессор;
- Әлмұхамбетов Б.А. - Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ардагерлер кеңесінің төрағасы;
- Ниетбаева Г.Б. - педагогика және психология факультетінің деканының міндетін атқарушы, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор.

Конференция жұмысына келесі қатысушылар баяндама жасады:
- Акажанова А.Т. - психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессор міндетін атқарушы. Баяндамасының тақырыбы: «Отандық психология ғылымы салаларының дамуы мен қалыптасуы»;
- Ниетбаева Г.Б. - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, педагогика және психология факультетінің деканының міндетін атқарушы, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының меңгерушісі. Баяндамасының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында психологиялық кадрларды даярлау мәселелері»;
- Киякбаева У.К. - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі. Баяндамасының тақырыбы: «Ұлттық ғылымдағы іргелі ізденістер»;
- Пунит Сандху - педагогика ғылымдарының PhD докторы, Панжаб университеті (Үндістан). Баяндамасының тақырыбы: «Білім беру және кәсіби ортадағы күйзеліс жағдайларын еңсерудің ресурсы ретінде өзін-өзі реттеу»;
- Питерцов В. - композитор, ҚазАК премиясының лауреаты. Баяндамасының тақырыбы: «Оразбекова К.А.-ға арналған өлеңдер»;
- Жангозина Г.Н. - 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Баяндамасының тақырыбы: «Ақсудан ұшқан аққуым! Ұлтын ұлықтаған - ұлы ұстаз!»;

Конференция жұмысына сонымен қатар келесі білім алушылар қатысты:
6В03111 «Практикалық психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері,
7М03122 «Психотерапия негіздерімен клиникалық психология» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары,
7М03118 «Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары,
8D03105 «Психология» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс докторанттары мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы.

 

 


  alt=  

  alt=  

 


  alt=  

  alt=  

 

 




Кері оралу