қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2025

Abai University-нің профессоры Интеграциялық форумға қатысты

 


25-27 қарашада Санкт-Петербургтегі Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапханада «Кітапханалардың, мұрағаттар мен мұражайлардың мәдени және тарихи мұраларын сақтау мәселелері жөніндегі интеграциялық форум» өтті.


Форум ТМД-ға Қатысушы мемлекеттердің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, Президенттік кітапхананың, Еуразия кітапханалық Ассамблеясының, Ресей кітапханалық қауымдастығының, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Форум аясында «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуация: ТМД цифрлық кеңістігінде жадты сақтау» ғылыми-практикалық конференциясы, «ТМД кеңістігіндегі орыс тілі» дөңгелек үстелі, «Ұлы Жеңістің 80-баласына арналған ТМД кітапханалары» дөңгелек үстелі өтті.

 

Форумға қатысу үшін ф.ғ.д., орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Дамина Дисингалеевна Шайбакова шақырылды.

 

Ол екі баяндама жасады. Конференцияның пленарлық отырысында « Алмалы пана: Алматыдағы эвакуациядағы әдебиет және өнер қайраткерлері» тақырыбында баяндама ұсынылды. «ТМД кеңістігіндегі орыс тілі» дөңгелек үстелінің жұмысына Дамина Дисингалеевна «Қазақстанның орыс тілді әдебиетіндегі қазақ рәміздері» атты баяндамасымен қатысты.

 

Екі баяндама да тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

 

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу