қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2025

Abai University ғалымдары мен студенттері DAAD халықаралық жобасы аясында Германияда тағылымдамадан өтті


 

9-15 қараша аралығында DAAD «The Network on International Education in South Caucasus and Central Asia at the Intersection of Educational Spaces (NIE-SCCA-EdSp)» халықаралық жобасының мүшелері Германиядағы Фридрих-Александр Эрланген-Нюрнберг университетінде (FAU) ғылыми тағылымдамадан өтті.


Abai University тарапынан жобаға педагогика ғылымдарының докторы, профессор Улжаркын Абдигапбарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Камарсулу Ибраева, PhD докторы Мадина Молдагали, сондай-ақ студенттер Шұғыла Жұмабай мен Ақжол Мусилим қатысуда.

 

Тағылымдама бағдарламасы мазмұнды болды және білім беруді интернационалдандырудың әртүрлі секторларына арналды: мектеп, жоғары оқу орны, формалды емес білім (жастар орталықтары), сондай-ақ халықаралық білім беру үдерістерінің маңызды компоненті ретінде диаспоралардың рөлі.

 

Бағдарлама аясында DAAD жобасының тобы Montessori School Erlangen (Erasmus School) мекемесінде болып, оқу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесімен және интернационалдық өзара іс-қимыл практикаларымен танысты.

 

Қатысушылар Prof. Dr. Anatoli Rakhkochkine жетекшілігімен өткен «Mapping International Education in South Caucasus and Central Asia» тақырыбындағы коллоквиум мен дөңгелек үстелге де қатысты. Коллоквиум барысында жоба командасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Германия елдерінің білім беруді интернационалдандыру стратегиялары мен тәжірибелеріне қатысты салыстырмалы талдау әзірлеп, талқылады.

 

Тағылымдаманың ерекше оқиғаларының бірі, қазіргі уақытта Дортмунд университетінде постдокторантура бағдарламасын өтіп жатқан қазақстандық ғалым Dr. Tunike Talifu оқыған «Transnational Influences and Internationalization in Kazakhstan`s School Sector» атты дәріс болды. Ол Қазақстандағы мектептік білім беруді интернационалдандырудың қазіргі үрдістерін ашып көрсетті.

 

Бұл тағылымдама халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қатысушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған ғылыми жобаның маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

 

 

  alt=  


  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу