Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
09.09.2025
Abai University оқытушысы АҚШ-та тағылымдамадан өтуде Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты А.Б. Иргебаева АҚШ-тағы Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
2025 жылғы 4 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния Дэвис университетінде ғылыми тағылымдама үйлестірушілерімен таныстыру кездесуі өтті. Бұл іс-шара халықаралық деңгейде кәсіби даму мен тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылған.
Халықаралық біліктілікті арттыру және кәсіптік білім беру орталығының директоры Джейкоб Хозье қазақстандық зерттеушілерді шын жүректен қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, орталықтың қызметкерлері Сью Глассфорд пен Стефани Палмер ұйымдастырушылық және жоспарлау мәселелеріне назар аударды.
Кездесу барысында тағылымдамадан өтушілер бір-бірімен және үйлестірушілермен танысып, алдағы оқудың маңызды аспектілерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тағылымдама А.Б. Иргебаеваға кәсіби шеберлігін арттыруға және халықаралық ғылыми қауымдастықта тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|