Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
05.09.2025
Поморск университетінің қос диплом бағдарламасы бойынша түлектерге дипломдарды табыстау рәсімі өтті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Слупск қаласындағы (Польша) Поморск университеті арасындағы қос диплом бағдарламасы он жылдан астам уақытқа созылған берік және жемісті әріптестік қатынастардың айғағы.
Ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша Поморск университетінде дипломдық жұмысын сәтті аяқтап, қорғаған бірнеше студент жоғары білім туралы куәліктерін алды. Диплом тапсыру салтанаты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында өтті, онда кафедра меңгерушісі Сәуле Жүнісқызы түлектерді маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтады. Қос диплом бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, академиялық ұтқырлықты кеңейтіп, түлектеріміздің жаһандық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор үлес қосуда.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|