Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
04.09.2025
Абай университетінің докторанты шетелде тағылымдамадан өтті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Фариза Бағымбаева Польша Республикасындағы Николай Коперник атындағы Торунь университетінде ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. Тағылымдама барысында докторант шетелдік ғылыми кеңесші - филология ғылымдарының докторы, профессор Михал Глушковскийден кеңес алып, университет жанындағы Жазғы мектеп аясында ұйымдастырылған лингвистикалық дәрістерге қатысты. Жетекші ғалым Ф Бағымбаеваның жұмысын жоғары бағалап, тағылымдама жоспарына енген барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындағанын атап өтті. Тағылымдама кезеңінде докторант университеттің және басқа да еуропалық ЖОО-лардың электрондық ресурстарына қол жеткізіп, сондай-ақ университет кітапханасының бай қорымен жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберіндегі дәрістерде докторант Австрия, Венгрия, Польша және Словакиядан келген танымал ғалымдардың қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелеріне арналған баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар, Қазақстан, Италия, Германия, Корея, Түркия және Үндістаннан келген магистранттар мен докторанттармен тәжірибе алмасу арқылы академиялық ортадағы халықаралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік алды. Тағылымдама кезеңінде отандық ғылыми кеңесшісі - филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мусатаева докторантпен тұрақты байланыста болып, диссертациялық жұмыстың мазмұны мен құрылымы бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп отырды. Фаризаның айтуынша, тағылымдама кәсіби даму мен ғылыми көкжиегін кеңейтуге, сондай-ақ диссертациялық зерттеудің сапасын арттыруға зор әсер етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|