қазақша · русский · english
 
 
 
28.10.2019

Денсаулық-зор байлық

 

26 қазан 2019 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушылар мен студенттер арасында «Денсаулық күні» спартакиадасы өтті.

 

«Спартак» стадионында жалау көтерген бұл жарыста командалар 7 спорт түрлерінен: жүгіруден, баскетболдан, арқан тартудан, шахматтан, үстел теннисінен, волейбол мен мини-футболдан бақ сынасты.

 

Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы спорттың әр түрінен жарысқа белсене ерекше ойын өрнегін көрсетті.

 

Жарыс қорытындысы бойынша Тарих және құқық институтының құрамасы институттар арасында ІІ орынға иеленді.


Спартакиада жеңімпаздары ректордың дипломымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу