қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2019

ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтындағы кездесу

 

2019 жылдың 1-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтындағы «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасы докторанттарының шетелдік жетекшісі, Түркиядағы Ақдеңіз университетінің профессоры Шахин Филиз «Ғылым мен білім жетістіктері және олардың білім беру жүйесіндегі технологияларда қолданылу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушыларына семинар - тренинг өткізеді.

 

4 сәуірде семинар-тренинг бағдарламасына сәйкес, тәжірбие алмасу мақсатында профессор Шахин Филиз докторанттары Жанат Жанбаева мен Бакиттижамал Иманмолдаевамен бірге Ұлттық ғылым академиясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институты философия бөлімінің меңгерушісі, профессор Аяжан Сағиқызымен кездесті.

 

Іс-шара барысында тараптар Қазақстан мен Түркиядағы ғылым мен білімнің жетістіктерін, жаңа индустриалды технологияларды тиімді енгізудің өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу докторанттар үшін өте жемісті болды.

 

   

 

   

 

 

«Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының докторанттары




Кері оралу