қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2019

«Спорт-денсаулық кепілі!» спартакиадасы

 

30 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің институттары арасында шахмат, үстел теннисі, волейбол, кіші футбол спорт түрлерінен «Спорт-денсаулық кепілі!» спартакиадасы өтті.

 

Спартакиадаға «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының докторанттары қатысып, волейбол мен үстел теннисінен жүлделі орындарды иеленді. Ал Тарих және құқық институты жалпы есепте университет бойынша 2-ші орынға тұрақтады.

 

Жарыс қорытындылары бойынша ректор Такир Балықбаев жеңіске жеткен командалаларды құттықтап, ақшалай сыйақылармен марапаттады.

 

Салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық мүмкіншіліктерін көрсете білген, институт намысын қорғаған кафедрамыздың докторанттарына алғыс білдіреміз!

 

   

 

   




Кері оралу