қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2018

Магистранттар Мармара университетінен ғылыми тағылымдамадан өтті

 

2018 жылдың қараша айында Тарих және құқық институты, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 2 курс магистранттары Стамбул қаласындағы Мармара университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.


Магистранттар Мармара университетіндегі Ататүрік атындағы Өнер факультеті, соның ішінде «Бейнелеу өнері» кафедрасында он күндік тәжірибеде болды. «Өнер, мәдениет және кескіндеме», «Константинополь тарихы», «Мұражай көрмесі, көркем галерея» тақырыптарында дәрістер тыңдалды. Тәжірибе барысында Стамбұл қаласындағы көркем, тарихи ескерткіштерін тамашалап, көруге мүмкіндік алдық. Болашақ мәдени сарапшылар ретінде біз үшін: Әулие София (Айя-София), Базилик цистернасы, Таксим алаңы, Сүлеймен мешіті, Топкапы сарайы, Долмабахч сарайы, Галата мұнарасы, Көк мешіт сияқты көрнекті орындарды тамашалау үлкен құрмет болды. Тағылымдаманың соңғы күні, факультет деканы Ахмет Шүкрү Оздемир, оқытушылар мен студенттер қатысқан, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жетекшісі О.Т. Абишева бастамасымен ұйымдастырылған концерт өткізілді. Басқа мамандықтардың магистранттарымен бірге ұлттық, қазақ әндерін, сондай-ақ университеттің музыканттарының сүйемелдеуімен, әйгілі Стамбул әндерінің бірі Üsküdar`a gider орындалды.


Мармара Университетінде тағылымдамадан өту кезеңінде ғылыми тәжірибе, өнер, мәдениеттану саласында үлкен халықаралық тәжірибе жинақталды. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының магистранттары Батыс білімінің тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік берген университет басшылығына шын жүректен алғыс білдіреді.

 

   

 

   

 




Кері оралу