қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2023

Біздің түлектер

 

2023 жылдың 23 қазанында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып университетіміздің түлегі, Сержан Әбдікәрімов тағайындалды.

 

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуропа және Америка департаментінің директоры, Болгариядағы ҚР істерінің сенімді өкілі, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, ЕҚЫҰ департаментінің директоры, Қазақстанның Чехиядағы, Словакиядағы, Әзірбайжандағы Елшісі қызметтерін атқарды.

 

Түлектерімізді мақтан тұтамыз!

 

  alt=  




Кері оралу