қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2025


Сән өнерінің сыры: Қырғыз дизайнері Залкар Аскаралимен шабытқа толы кездесу


24.11.2025 ж. күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен Алматылық сән және қызмет көрсету колледжіндегі кафедра филиалы аясында ашылған «Тұмар» сән студиясының жұмыс жоспарына сәйкес қырғызстандық дизайнер Залкар Аскаралимен ерекше шабыт сыйлаған кездесу өтті. Әңгіме тақырыбы - киім дизайны қалай туады, және ол бұл тақырыпты соншалықты шынайы әрі терең ашып берді, әрқайсымыз шығармашылықтың сиқырын сезіндік.


Залкар өз бренді қалай пайда болғаны, қандай күмәндерден, жаңалықтардан және идеялардан өткені туралы бөлісті. Ол тек сән туралы ғана емес, шығармашыл адамның ішкі әлемі жайлы, формадан бөлек мағынаны көре білудің маңыздылығы туралы айтты.


Ерекше әсер қалдырғаны - адамзат ізі идеясын негіз еткен «Із» коллекциясы. Ол былай деді:
«Әр адам өз ізін қалдырғысы келеді. Мен де солардың бірімін. Өз ізімді шығармашылығым арқылы қалдырғым келеді».

Бұл сөздер бізге шығармашылықтың жаннан басталатынын еске салды.


Залкардың айтуынша, дизайнер - жай ғана киім салатын адам емес. Ол бір мезетте режиссёр, конструктор, технолог және аздап философ. Әрбір коллекция өз тарихын айтып, эмоция, ой, белгілі бір мағына жеткізуі керек. Сонда ғана киім жанды, қызықты және адамдар үшін бағалы болады.
Студенттер белсенді сұрақ қойды. Барлығы мынаған қызықты:
- коллекцияларына қандай маталарды таңдайтыны;
- оның киімдерінің күнделікті өмірге қаншалықты қолайлы екені;
- және өз брендіне қандай өзіндік ДНҚ енгізетіні.
Кездесу жарқын әсер қалдырып, бізге жаңа шабыт сыйлады - жасауға, ізденуге және өз ізімізді қалдыруға.

 

 

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу