қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік тәрбие қызметі

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және география институтының тәрбие жұмыстары туралы институт кеңесіндегі есебі

 (2015/2016 оқу жылы)

 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 2015/2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жөніндегі іс-шаралардың 19 бағытын қамтитын жоспарына сәйкес, жаратылыстану және география институтында атқаратын 2015/2016 оқу жылындағы 17 баптан тұратын тәрбие ісі жөніндегі жоспары құрылып бекітілген. Ондағы қарастыратын басты бағыттар: студенттерге Қазақстандық патриотизм, отаншылдық  тәрбие беру, адамгершілік - рухани және эстетикалық тәрбие беру, студенттерді ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне баулу,  халқымыздың педагогикалық ұстанымдарын насихаттау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың арасында жаппай спорт түрлерін дамыту, нашақорлық пен  ЖҚТБ (СПИД) ішімділік және жеңіл жүрістің алдын алу шаралары, студенттер арасында діни экстремизм мен ұлтаралық жанжалдарға жол бермеу шаралары, діни тәрбие беру, экологиялық  тәрбие беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шаралары, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, студенттерге  кәсіби бағдар беру жұмыстары т.б.

Институтта 92 профессор- оқытушылар студенттер мен магистранттарға тәрбиелік жетекшілік жасайды. 5 құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінен институт студенттеріне тәрбие жетекшілікке бөлінген.

1.Химия кафедрасы: 23 профессор-оқытушыдан 21 тәрбие жетекші;

2.Ботаника және жалпы биология кафедрасы: зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы:  20 профессор-оқытушыдан 15 тәрбие жетекші;

3.Елтану  және туризм кафедрасы: 20 профессор-оқытушыдан 15 тәрбие жетекші;

4.Қазақстан географиясы және экология кафедрасы: 16 профессор-оқытушыдан 14 тәрбие жетекші;

5.Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы:  17 профессор-оқытушыдан 15 тәрбие жетекші;

6.Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы кафедрасы: 10 профессор-оқытушыдан 10 тәрбие жетекші;

    Кафедралардың тәрбие жұмысында жүргізілетін жоспары құрылып  бекітілді. 

Қоғамдық студенттік деканат құрылымына іріктеулер мен толықтырулар енгізіліп,   жаңа оқу жылында істелінетін іс-шаралары айқындалды, жоспары құрылып, оқу жылында іс-шаралар толығымен орындалды.

Институтымыздың студенттері мен магистранттары  жатақханамен толық қамтамасыз етілді, жатақхана ережелері түсіндірілді. Жатақхана бөлуге құрылған комиссия мүшелері студенттердің жанұялық жағдайларына қарап, белгілі тәртіппен ережеге сүйене отырып, жатақханадан орындар берді. Жатақханада студенттер арасында өрескел тәртіп бұзушылар кездескен жоқ. Оқытушылар жатақханадағы кезекшіліктерін өз деңгейінде атқарды. Мейрам күндері сағат 900-ден 2300-ге дейін оқытушылардан кезекшілік қойылып, жатақханаға қойылатын талаптар күшейтіліп отырды. №2 жатақханада 265 студентіміз, №8 жатақханада 1 және 1 студентіміз №3 жатақханада  студентіміз орналасқан. Жатақханадағы барлық студенттердің денсаулықтары жақсы.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің №2 жатақханасы бойынша 2015-2016 оқу жылында студенттердің сан мәліметі

Курсы

Грант

Ақылы

Тегін

Жалпы саны

1

Бакалавр

І курс

19

45

2

64

2

ІІ курс

16

50

-

66

3

ІІІ курс

22

35

1

57

4

IV курс

29

13

-

42

 

Жалпы саны

86

143

3

229

5

Магистратура

І курс

 

22

-

 

 

 

ІІ курс

13

-

-

 

 

Жалпы саны

 

 

 

35

 

 

 

 

      Барлығы        264

6

Шетел азамат(-ша)

I курс

4

3

-

7

 

II курс

-

-

-

-

 

III курс

1

-

-

1

 

IV курс

2

-

-

2

 

Магистратура

I курс

1

 

 

1

 

Жалпы саны

8

3

 

11

             

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің №2 жатақханасы бойынша 2015/2016 оқу жылында студенттердің сан мәліметі

Курсы

Грант

Ақылы

Жалпы саны

1

Ұлдар

I

3

1

4

 

II

3

2

5

 

III

5

3

8

 

IV

2

1

3

2

Магистрант

I

 

6

-

 

6

 

II

3

-

3

 

                                                Барлығы 29

 3

Қыздар

I

16

44

60

 

II

13

48

61

 

III

17

32

49

 

IV

27

12

39

4

Магистрант

I

 

16

 

-

 

16

 

II

10

-

10

 

                                              Барлығы  235

                                                  Жалпы саны 264

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

медициналық тексерулерден өтіп жатыр. Үйде тұратын студенттеріміз де толық медициналық тексерулерден  өтуде.

      Тәрбие жетекшілерінің жұмыс жоспарлары, журналдары, студенттермен жүргізілген жұмыстарының хаттамалары арнайы папкаларда тіркелінген.  Кафедралардың мәжіліс отырыстарында тәрбие жетекшілерінің есебі тыңдалып, атқарылған іс-шаралары, жеткен жетістіктерімен кемшіліктері көрсетілген. 

    Институтымыздың 2015 жылдың қараша айында өтетін  кеңесінде тәрбие жетекшілерінің жұмысы қаралады. Онда жеткен жетістіктер мен кемшіліктері көрсетіліп, оны түзету жөніндегі ұсыныстар айтылады. 

Атап айтқанда Тәрбие жетекшілерінің  студенттермен үздіксіз, тиянақты жұмыстар жүргізбейтіндігі. Соның салдарынан сабаққа қатыспау, студенттердің белсенділік танытпауы, оқу ақыларын дер кезінде төлемеуі, дәріс, семинар сабақтарына қалай болса солай киініп келуі, аралық бақылаулар мен емтихандардан төмен балл алу мәселелері айтылады.     

    Тәрбие жетекшілеріне студенттердің ата-аналарымен байланыс жасап, бірде-бір студенттің назардан тыс қалмауы ескертіледі.

     Студенттерден топтың тәрбие жетекшілері туралы пікірлерін, анкеталық сұрақ-жауап алғанда, тәрбие жетекшілерінің ішінде кейбіреулеріне көңілдерінің толмайтындықтары айтылған (сирек келеді, дер кезінде қамқорлық көрсете алмайды, көбінесе өздерінің жұмыстарын топ старосталарына жүктеп қояды және т.б. )

        Биылғы 2015/2016 оқу жылында осы ақылы бөлімде оқитын 97 студенттерден оқу төлем ақысына жеңілдікке өтініштер келіп түсті. Институт директорының төрағалығымен әлеуметтік көмекке зәру студенттердің өтініштерін қарастыруға комиссия құрылып, 49 студентке әлеуметтік көмек беру туралы ректорға хаттама түрінде ұсыныс жасалды.

      Студенттердің әлеуметтік жағдайларына байланысты төмендегідей мәліметтерді келтіремін:

  • Таза жетім - 1 студент;
  • Жартылай жетім - 25 студент;
  • Ата-анасының біреуі мүгедек - 16 студент;
  • Көп балалы отбасынан шыққан - 42 студент;
  • Ата-анасының бірі зейнеткер - 1 студент;
  • Мүгедек- 3 студент.

       Жаратылыстану және география институтында күндізгі бөлімде 1 курстарда 6 студент ҚХР, 2 курстан 1студент  ҚХР, 1 курстан 1 студент Өзбекстан, 2 курстан 1 Әзірбайжан Республикасының азаматтары  оқиды. Өтініштеріне қарай осы азаматтардың 8 студент жатақханамен қамтамасыз етілді.     

       Институттағы барлық курс студенттері кредиттік оқу жүйесінде оқитындықтан, әр курстың топтарына топ эдвайзерлері тағайындалған.

Кафедралардың ПОҚ 2015/2016 оқу жылында институт көлемінде студенттермен бірге  өткізетін  саламатты өмір салтына және тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың тақырыптары және өткізілген күндері:

 

Іс-шараның атауы

Өткізілу формасы (конференция, семинар, дөңгелек үстел, кездесу т.б.)

Өткізілетін мерзімі

Жауаптылар

1.

« Мен қазақпын мың өліп мың тірілген» Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара

Тәрбиелік іс-шара

Қараша

Ботаника және жалпы биология кафедрасы

Джунусова Р.Ж.

Саимова Р.У.

2.

«Парасат және парыз»

Дөңгелек үстел

Ақпан

Ботаника және жалпы биология кафедрасы

Джунусова Р.Ж.

Қауынбаева Э.

3.

Дүниежүзілік ВИЧ-СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған семинар

Тренинг

Желтоқсан

Анатомия,физиология,зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

4.

Алтын ұя

Кездесу

Сәуір

Анатомия,физиология,зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

5.

СПИД-XXI ғасыр індеті

Дөңгелек үстел

Қараша

Елтану және туризм кафедрасы

6.

Отты жылдар естелігі (Жеңіс күніне орай)

Мерекелік іс- шара

Мамыр

Елтану және туризм кафедрасы

7.

Тәуелсіздік тұғырым атты салтанатты кеш

Мерекелік іс- шара

Желтоқсан

ЖПОТ кафедрасы

       

  Институт директоратының және студенттік ұйым  құрамының осы уақытқа дейін өткізілген іс-шаралары және университет көлемінде қатынасқан іс - шаралардың тізімі:

  • 15.09.2015ж. «Ата Заңым-тұғырым» атты дөңгелек үстел (институтта 422 ауд).
  • 19.10.2015ж. «Студенттік қатарға қабылдау».
  • 24.09.2015ж. «Құрбан айт мерекесі» (№2 жатақханада).
  • 23.09.2015ж. «Тіл - халықтар достығының алтын діңгегі» (бас оқу ғимаратында).
  • 16.09.2015ж. «Біз таланттарды іздейміз» (№1 оқу ғимараты 215 ауд.).
  • 17.09.2015ж «Тілге құрмет - елге құрмет» (институт деңгейінде).
  • 22.09.2015ж.). «Ана тілім ардағым»(«Алатау» мәдениет орталығында, Алматы әкімінің үйымдастыруымен
  • 16.09.2015ж. «Отбасы өмір аясы»( Максим Горький атындағы орталық паркте,екі профессор оқытушы қатысты).
  • 19.09.2015ж. «Мәртебең арта берсін әсем қала» («Спартак» спорт кешенінде).
  • 13.09.2015ж. «Веселые старты» (Орталық мәдениет және демалыс саябағында).
  • 06.10.2015ж. «Ұстаз - білімнің шамшырағы» (№5 оқу ғимаратының акт - залы).
  • 01.10.2015ж. «Тарих тағылымы»(бас оқу ғимаратының кіші конференц залы).
  • 04.10.2015ж. «Тур Алматы - 2015»(Алматы қалаларының көшелерінде).
  • 15.10.2015ж «Мәлік Ғабдуллин - батыр, қоғам қайраткері, жазушы, ғалым»(«Тұлғатану» орталығының ұйымдастыруымен).
  • 23.10.2015ж. «Сөздің пірі - Сүйінбай» (Жамбыл атындағы филармониясында).

 

 

Институт көлемінде 02.12.2016 ж. «Мың жасаған Алматы» атты тақырыпта 1 курс «5В011300-Биология» мамандығының 2 - топ, 1 топша студенттерімен тәрбие кеші өтті. Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекшісі, профессор Айдарбаева Д.Қ.; 1-курс, 2-топ, 1 топша 5В011300 - Биология мамандығы студенттері.

Кештің мақсаты: Алматы қаласы туралы тарихи мәліметтермен келешек жастарды таныстыру.

  

      «Мың жасаған Алматы» кешінің ашылуы   Әбділда Тәжібаевтың өлеңі «Алматымыз астанасы қазақтың»

 

 

      Мың бұралған бишилер Айжан мен Аяулымның   тәр.жетекшісі, проф.Айдарбаева Д.Қ. студенттерге тілек                             орындауында «Қазақ қызы» биі.                                             айтуда

 

30.11.2016ж. Жаратылыстану және география институты көлемінде «Ботаника және жалпы биология» кафедрасы, 2-курс, 2 топ 5В011300 - Биология мамандығы студенттерімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастарды туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Біз жастар, Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастылықтың маңызын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы «Мәңгілік Ел!» патриоттық ұранын қабылдаймыз.

Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекшісі оқытушы Саимова Р.У.; 2-курс, 2 топ 5В011300 - Биология мамандығы студенттері

 

                    ҚР-ның әнұранын орындауда                 дир.орынбасары:Манапов Н.Т., тәр.жетекші:Саимова Р.У.

 

 

                     Н.Т.Манапов студенттерге тілек айтуда           «Көк тудың желбірегені» әнін орындауда


21.11.2016 ж. Жаратылыстану және география институтының биология мамандығының 3 курс және 1 курс студенттері және оқытушы Қауынбаева Э. ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл, студенттік өмір» атты Халықаралық студенттер күніне орай өткен мерекелік кеші өтті.

Институт директоры К.Д.Каймулдинова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов студенттерді халықаралық студенттер күнімен құттықтап, кештің ашылуына қатысты.

Кештің мақсаты: 3 курс аға буын студенттері 1-курс студенттерін Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, оларды студенттік шақта кездесетін қиын әрі қызықты сәттермен, жатақхана тіршілігімен таныстыру.

Шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, өз мамандығына мұқият әрі тыңғылықты болып, болашақта жақсы маман иесі болу керектігін кеште ашып көрсеткен.

Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекшісі оқытушы Қауынбаева Э.; 3-курс, 1 топ 5В011300 - Биология мамандығы студенттері.

  

 

 

 

ЕЛТАНУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ 01.09.2015-01.07.2016 АРАЛЫҒЫНДА ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫМЕН

 

№ 2 ЖАТАҚХАНАДАҒЫ КЕЗЕКШІЛІК КЕСТЕСІ 2015/2016 оқу жылы

 

2015-2016 оқу жылының Елтану және Туризм кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары 

 

24 ақпан күні 2016 жылы Жаратылыстану және география институты Елтану және туризм кафедрасы бірінші курс студенттерімен тәрбие жоспарына сәйкес «Батыр туса ел ырысы» атты Бауыржан Момышұлына арналған еске алу кешін ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі профессор К.Д. Каймулдинова, тәрбие жетекшісі аға оқытушы Алдашева А.А. Бұл кеште Б. Момышұлының өмір баяны және Отан қорғау жолындағы ерліктері баяндалды. Студенттерге батыр атамыздың өмірі өнеге етіліп көрсетілді.

 

   

 


БОТАНИКА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


29.04.2016 жылы студенттік көктем апталығы қарсаңында Университет көлемінде «Көктем Аруы-2016» атты қыз сыны және жігіт сұлтаны байқауы өтті. Аталған іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Бұл іс-шараны «Тәрбие жұмысы, жастар саясаты мен мемлекеттік тілді дамыту басқармасы және жастар ісі жөніндегі комитет» мүшелері ұйымдастырды. Жаратылыстану және география институты тарапынан бұл іс-шараның өтуіне атсалысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов және студенттік директорат мүшелері Ж.А.Абдуалиева.,А.Ә.Ораз, А.С.Аязбек, М.Ә.Жаңбыр. Сайысқа біздің институт атынан биология мамандығының 1 курс студенттері Мәтен Айгерім және Халилаев Хайролла қатысты. Сайыс 5 этаптан тұрды. Барлық институт студенттері жоғары дайындықпен өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы барысында біздің институттың 1 курс, «5В011300-биология» мамандығының студенттері Мәтен Айгерім мен Халилаев Хайролла І орын иегерлері атанды. Топ эдвайзері ботаника және жалпы биология кафедрасының оқытушысы Р.У.Саимова да бұл сайыстың өтуіне өз үлесін қосты.


15.04.2016 жылы студенттік көктем апталығы қарсаңында жаратылыстану және география институтында «Мисс ЖГИ-2016» атты қыз сыны өтті. Аталған іс-шараға магистранттар, студенттер және профессор-оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Бұл шараны ұйымдастырушылар студенттік директорат мүшелері Абдуалиева Ж.А., Ораз А.Ә., Аязбек А.С., Жаңбыр М.Ә. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т.. Сайысқа биология, химия және география мамандықтарының 1 курс арулары қатысты.
Сайысқа ботаника және жалпы биология кафедрасының оқытушы Саимова Р.У. эдвайзерлік тобынан Мәтен Айгерім (5В011300-Биология, 1 курс, 2 топ) қатысып, ІІ орын иегері атанды.

27-28 сәуір аралығында ботаника және жалпы биология кафедрасының ПОҚ-ы өз тәлімгерлік топтарымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» атты Манифесін талқылады.

  

 

Әр тәрбие жетекшіде өзінің керекті құжаттарымен папкалары бар. Олар: тәрбие жұмысының жылдық жоспары, айлық жоспары, есептері және хаттамалар өткізілген кураторлық сағаттардың, тәрбие жетекшінің журналы т.б.

Әр тәрбие жетекшісі өздерінің топтарында экстремизмге, терроризмге сол сияқты өз уақытысында оқу ақысын төлеулері керектігін және 1 семестрдің қарыздары туралы мәселелерді айтып жиындар өткізді. Кафедраның тәрбие жетекшілері 1-4 курс студенттерімен өздері жауапты топтармен тәрбие жұмыстарын  (тәлімгерлер оқу, санитарлық-гигиеналық,  тұрмыстық мәселелер, ұлттық тәрбие, патриоттық тәрбие, экологиялық, әсемдікке тәрбиелеу, спорттық тәрбие және т.б.) жүргізді.

Әрбір тәлімгер өз жұмыстарының нәтижелері туралы ай сайын кафедра отырысында және деканат алдында есеп беріп отырады. Тәрбие жұмысын бақылау кафедра меңгерушісі С.К. Иманкулова және тәрбие жұмысына жауапты жұмысына жауапты аға оқытушы Р.Ж.Джунусова тараптарынан іске асырылды.

Тәрбие жетекшісінің журналында студент, оның ата-анасы жайлы, телефоны, мекен-жайы, әлеуметтік жағдайы туралы барлық мәліметтер бар.

5В060700 Биология мамандығының 1 курс студенттері «Бүгінгі күнгі жастар тәрбиесі» тақырыбына дөңгелек устел өткізді.

       

            5В011300 Биология мамандығының 1 курс 2 топ студенттері «Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбына дөңгетәрбие сағатын өткізді.

   

 

5В011300 Биология, 5В060700 Биология мамандықтарының 1 курстың 2 тобы институт деңгейінде «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында іс-шара өткізді.

    

 

Факультеттің көптеген түлектері Алматы қаласының мектептерінде жұмыс істейді, білім беру мекемелері жетекшілерінің пікірлері жақсы. Білім беру сапасы мемлекеттік стандартқа, типтік бағдарламаға сай.

Жаңа оқу жылынан бастап биологтарды дайындау химия және биология мамандығы бойынша жүргізіледі, бұл классикалық университет бағдарламасына сәйкес. Ол үшін ұдайы материалды-техникалық базасы жетілдіріп және оқытудың инновациялық әдістері енгізілуде.

Кафедраның ПОҚ университеттің спорттық шараларында белсенді қатысады, университеттің жыл сайын ПОҚ арасында өткізетін «Денсаулық» спартакиадасына кафедра оқытушылары келесідей спорт түрлері: үстел теннисі, шахмат, баскетбол, волейбол, футзал, шаңғы жарысы бойынша қатысты.

Ботаника және жалпы биология кафедрасының  № 2 жатақханадағы

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ КЕЗЕКШІЛІК КЕСТЕСІ

Ботаника және жалпы биология кафедрасының  тәрбие жетекшілерінің 1-ші жарты жылдықта орындаған тәрбие жұмыстарының есебі 2015/2016 оқу жылы

Кафедраның тәрбие жетекшілерінің тізімі

2015/2016 оқу жылының  ботаника және жалпы биология кафедрасының  тәрбие жұмыстарының жоспары