қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2025

Студенттік жобалардың жалпы университеттік байқауының қорытындысы «Педагогикалық кейс: «Бірге зерттей отырып, тиімді шешеміз!»

 

2025 жылғы 14 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің Педагогика кафедрасы «Педагогикалық кейс: «Бірге зерттей отырып - тиімді шешеміз!» жалпы университеттік студенттік жобалар байқауының қорытынды III кезеңін өткізді.


Байқауға педагогика және психология; филология; математика, физика және информатика; тарих және құқық; жаратылыстану және география факультеттерінде оқитын студенттерден 100-ден астам өтінім келіп түсті.


Байқау Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогикалық зерттеулер» пәні бойынша оқитын 2 курс бакалавриат студенттері арасында үш кезең бойынша өтті. Үшінші қорытынды кезеңде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған 21 студенттік жоба аудиторияда қорғалды.


Бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып оларға дипломдар, ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Байқау студенттерге оқу жағдайларын шешу арқылы педагогикалық ғылым мен практика саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибеге бағытталған құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу