қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2025

Қазақтың ою өрнктері AI Mandala Coloring Book генераторы арқылы Amazon (USA) платформасына жүктелді


2025 жылдың 11 сәуір айы күні «Ғылым апталығы» аясында педагогика және психология факультеті, педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ою өрнектерін AI Mandala Generator қосымшасы арқылы Amazon USA платформасына локализациялау» тақырыбында семинар және интеллектуалдық сайыс өтті. Оған жауапты п.ғ.к, аға оқытушы Курсабаев М.К болды.


Іс шараның басты мақсаты Artificial Intelligence (AI) жетістіктерінің білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарына ендіруде жас ұрпақтың интеллекуалдық, креативтік, техникалық, шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау болып табылды.


Семинарға педагогика кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы, университеттің барлық факультеттері, Сорбонна-Қазақстан институты студенттері қатысты.


Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к Курсабаев М.К кең көлемдегі баяндамасынан кейін, студенттер интеллектуалдық сайыс бағдарламасына кірісті. Олар қазақтың ою өрнектерін AI Coloring Book Generator қосымшалары арқылы генерация тәсілін оқушыларға арналған электронды кітап нұсқасында дайындап, Amazon (USA) Marketplace және Candle Direct Publishing платформаларына локализацияландыру технологиясын көрсетті.


Интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мынадай ретпен анықталды:
- 1 орын: Деткова Н. өнер факультетінің 4 курс студенті.
- 2 орын: Бектай А, Нургалиева М, педагогика және психология факультетінің 1 курс студенттері, жаратылыстану және география факультетінің 1 курс студенттері Анель Турдакын А, Ибрахим Е.
- 3 орын: Ниязова К, Сорбонна-Қазақстан институтының 4 курс студенті; Нурмухаммед Шапих Н, Сакенулы К. математики, физики и информатики факультетінің 1 курс студенттері; филология факультетінің 1 курс студенті Кобландина Т жүлдегер атанды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу