Педагогика кафедрасы | ![]()
05.03.2025
«Педагогикалық сынып» жобасының жұмысы 2025 жылғы 4 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультеті педагогика кафедрасы пилоттық жобасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасының «№19 жалпы білім беретін мектебі» ММ құрылған педагогикалық сыныптарының жоспарына сәйкес халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» атты тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор м.а, Қазақстан педагогикалық ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Ұлттық құндылықтар Академиясының мүшесі Жанна Акпарова.
Іс-шараның мақсаты: «Педагогикалық сынып» оқушыларына ұстаздық қызметтегі тәрбие жұмысының қыр-сырларымен таныстырып, оларды ұйымдастыру жолдарын көрсету, сонымен қатар, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аналарға, ұстаздарға құрмет көрсету. Мектеп оқушыларының өнерлерін көрсету арқылы ұстазға тән мейірімділік, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін дәріптеу.
Іс-шараға оқушылардың аналары, мұғалімдер, университет оқытушылары және мектеп әкімшілігі белсенді қатысып, жоғары бағалады. Тәрбие сағатының шарықтау шыңы «Үш одақ» (мұғалім-оқушы-ата-ана) аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мұғалім мамандығының қыр-сырын ашып, жан-жақтылығын көрсету болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|