қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2025

Әскери-патриоттық тәрбие: Студенттердің Әскери-тарихи мұражайға экскурсиясы


Бастапқы әскери дайындық кафедрасы оқытушылары запастағы полковниктер Талапов Т.Т., Нұрмухамбетов Е.С жетекшілігімен 15 май күні Бастапқы әскери дайындық-Дене шынықтыру -3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери- тарихи мұражайына экскурсияға барды. Экскурсия мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Экскурсия барысында студенттер 28 панфиловшыларға, ауған соғысы ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне арналаған залдарын аралап, ерекше сезім алып қайтты. Сонымен қатар ашық аспан астында орналасқан Ұлы Отан соғысына қолданылған қару-жарақ пен техникалар түрімен танысты.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу