|  | Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті  |  | 
   Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
 Бөлімнің негізгі міндеттері:  Университеттің қызметкерлерімен және есеп беруге тиіс тұлғалармен есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Студенттермен, магистранттармен және докторанттармен оқу ақысын төлеу, шәкіртақымен есеп айырысу ісімен айналысады. Бөлімнің негізгі қызметі:
 -	тиісті учаскелер бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау және бақылау, оларды есеп айналысына дайындау;
 -	бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруді, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларын жүргізу;
 -	еңбекақы төлемдерін, міндетті зейнетақы жарналарын, заңдылықтарға сәйкес салық пен аударымдарды есептеу және аударуды жүзеге асыру және бақылау, мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның келісім-шарттары бойынша төлемдерді уақытылы есептеп аудару;
 -	атқарушылық қағазы бойынша кәсіподақтың мүшелік жарналарын ұстауды және аударуды жүзеге асыру;
 -	резиденттер мен резидент еместердің жеке тұлғаларының табысын есептеуді, бухгалтерлік есептің салық алу мен операцияларын жүзеге асыру, оған бақылау жасау, уақытылы аудару;
 -	кәсіпорынның есеп саясаты мен ҚР басқа да заң актілері бекіткен нормаларға сәйкес бухгалтерлік есепте шығындарды (іс-сапар, шаруашылық және өкілеттілік) көрсету және оны бақылау, оның уақытылы аударылуын қамтамасыз ету;
 -	салық және статистикалық есеп беру формаларын дайындау және өткізу;
 -	университет қызметкерлеріне айлық жалақысы туралы анықтамалар беру;
 -	білім беру қызметі бойынша табыстың дұрыс есептелуін жүзеге асыру және оны бақылау;
 -	оқу орнына түскен қаражат туралы толық ақпарат дайындау, оқу ақысын төлеу жөнінде дебиторлық қарызды болдырмауды қамтамасыз ету;
 -	дебиторлық қарыздар мен университеттің институттары мен бөлімдері контингентінің қозғалысын ай сайын тексеріп, салыстырып отыру;
 -	студенттер мен магистранттардың стипендияларын, жол ақысына жеңілдіктерін дұрыс және уақытылы есептеудің жүзеге асырылуын, аударылуын бақылау;
 -	студенттерге, магистранттарға, докторанттарға алатын стипендияларының көлемі туралы анықтамалар беру;
 -	университеттің қаржы-шаруашылық қызметіне талдамалы және синтетикалық есеп жүргізу.
   |