|  | Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті  |  | 
 Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
 Материалдық құндылықтарды есепке алу және банк операцияларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттері:-	университеттің қызметі және оның қаржылық жағдайы туралы толық және дәйекті мәліметтер жасау;
 -	университеттің шаруашылық қызметі туралы мәліметпен қамтамасыз ету;
 -	шаруашылық қызметінің субъектілерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету;
 - жинау жүйесі, тіркеу және активтер туралы ақпараттарды, меншіктегі капитал, міндеттемелер, бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес университеттің кіріс және шығыстарын, университеттің саясатын және басқа да құқықтық-нормативтік актілерді қамтитын бухгалтерлік жазбалар мен құжаттарды қолмен жазылған, сондай-ақ «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық жүйесінің көмегімен дайындалған алғашқы құжаттарды, журналдарды, жазбаларды қаттау, университеттің шаруашылық қызметі және оларды сақтау, мұрағаттау туралы мәліметтері бар құжаттарды хаттау;
 -	бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу әдістерін анықтау, сонымен қатар есептік мәліметтер технологиясын, қаржы қорларын ұйымдастыру және басқару, шүбәсіз және салыстырмалы қаржылық есепті дайындау және ұсыну.
 Бөлімнің негізгі қызметі:
 -	тиісті есеп учаскелері бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау және бақылау, өңдеуге дайындау;
 -	бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруді, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларын жүргізу;
 -	қамтамасыз етушілермен, мердігерлермен есептесудің есебін жүргізу, келісім-шарттармен жұмыс істеу, салыстырмалы акт жасау;
 -	мүліктің саны мен қозғалысына, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бекітілген норма, норматив, смета бойынша пайдаланылуына, сондай-ақ дебиторлармен және кредиторлармен уақытылы есеп айырысуды есепке алу және бақылау;
 -	ТМЗ мен негізгі қорларды, айналымдағы және қаржы-қаражатты, шығыс сметасының орындалуын есепке алу;
 -	ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтардың, негізгі қорлардың уақытылы инвентаризациялануына бақылау жасау;
 -	бюджеттік төлемдерді дұрыс есептеуге және дер кезінде аударуға, салықтық және статистикалық есептерді уақытылы жасап өткізуге бақылау жасау;
 -	ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларын құжат бойынша көрсетуді қамтамасыз ету;
 -	есепке алу, есеп беру, қаржылық бақылау мәселелері қаралған жағдайда тиісті органдарда университеттің мүддесін білдіру;
 -	университеттің қаржы-шаруашылық қызметін талдамалы және синтетикалық есепке алу.
 |